Терроризмді әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен 17 жастағы тұрғын ұсталды

2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жасар тұрғыны ұсталды.

ҰҚК

Алматы, NEGE. Тінту кезінде одан тергеуді қажет ететін материалдар алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кететіні, 2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған.

Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды.

Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды