Террористер билік ғимараттарын жармақ болды

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі елде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық террористік ұйымының екі мүшесінің көзін жойды, деп хабарлайды ТАСС.

Алматы, NEGE. Олар Волгоградта лаңкестік әрекеттер жасамақ болған. Ресей ФҚҚ-ның Қоғаммен байланыс орталығынан мәлім еткендей, террористердің қызметі Сирия аумағынан басқарылып отырған.

Олар «билік ғимараттарына, әскери қызметшілердің тұрғылықты жерлеріне және жарылыс-өрт қаупі бар кәсіпорындарға» шабуыл жасауды жоспарлаған.

«Ұстау операциясы барысында ұйым басшысы мен оның сыбайласы Ресей ФҚҚ қызметкерлеріне қаруды пайдалана отырып, қарсылық білдіргеннен кейін олардың көзі жойылды», – делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, оқиға орнынан Волгоград картасы табылған, онда жоспарланған террористік шабуылдардың орны көрсетілген.

Атап айтқанда, картада қара түспен «Отан Ана» монументінің жанында шабуыл ұйымдастырылмақ болғаны белгіленген.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан