Тергеуші кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалаған

Алматыда экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкері кәсіпкерден Т30 млн бопсалаған деп айыпталуда, деп хабарлады Қазақстан қаржы министрлігінің қаржылай мониторинг комитетінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ішкі тергеу департаменті кәсіпкерден 30 млн. теңге көлемінде ақша бопсалаған Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол кәсіпкерге өзін Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкері екенін айтып, алдаған. Жедел-тергеу іс-шарасы нәтижесінде алаяқ қылмыс үстінде ұсталған», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, күдікті заңсыз әрекетін мойындаған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында, құқық бұзушы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің (бұдан әрі -ЭТҚ) бұрынғы қызметкері екендігі, 2017 жылы пара алғаны үшін сотталып қызметінен босатылғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деді ҚМК.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?