Тергеу изоляторында отырған 5 мыңнан астам адам дауыс беруге қатысады

Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесіндегі 16 тергеу изоляторында тергеу-қамауында отырған 5 мыңнан астам адам бүгін ҚР Парламентінің сайлауында дауыс беруге қатысады.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес тергеу изоляторларында ұсталатын, үкімі заңды күшіне енбеген еліміз азаматтары жалпыға бірдей сайлау құқығына ие. Осы ретте, қазір тергеу-қамауында отырған республиканың қылмыстық-атқару жүйесінің 16 тергеу изоляторында жабық сайлау учаскелері құрылды.

«Онда 5 мыңнан астам адам Қазақстан Республикасының кезекті Парламенттік сайлауында дауыс беруге қатысып жатыр. Сайлау процесі өтетін орындарда тиісті бақылау, күзет және қадағалау қамтамасыз етілген. Сайлау процесіне қатысушылар барлық қажетті санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтауда. Биылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» және «сары» аймақтарда болған өңірлерде сайлау комиссиясының барлық мүшелері, оның ішінде байқаушылар алдын ала ПТР-әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтті. Сонымен қатар, жабық сайлау учаскелеріне кіру тергеу изоляторларының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді», - деді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта республиканың тергеу изоляторларында 5 мыңнан астам адам бар.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?