Терезеден секіріп қашып жатыр: Университетте белгісіз біреу атыс шығарды (видео)

Белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды.

Алматы, NEGE. Куәгерлер Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің ғимаратында атыс болғанын хабарлады.

Оқушылар мен мұғалімдердің кейбірі, алдын ала мәліметтер бойынша, ғимараттан шығып үлгерген, ал қалғандары сыныптарда жасырынып отыр.

Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан шабуылдаушы университеттің адамдары мен терезелеріне бей-берекет оқ атып жатқанын көруге болады.

РЕН ТВ арнасының алдын ала мәліметі бойынша, шабуылдан төрт адам зардап шеккен.

Орын алған оқиға туралы әзірге толық ақпарат шыққан жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Қазір оқып жатыр

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып дабыл қақты

Астанадағы өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген көлік жүргізушісі жазаланды