Теренс Кроуфорд техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бүгін таңертең Лас-Вегас (АҚШ) қаласының Mandalay Bay Resort & Casino аренасында Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) пен Шон Портер (31-4-1, 17 КО) арасында жекпе-жек өтті.

Алматы, NEGE. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған болатын. Алайда  Кроуфорд оныншы рауанта Портерді екі нокдауннан кейін техникалық нокаутпен жеңіп, WBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпиондық титулын бесінші рет қорғап қалды