Тепловоз машинистері 16 миллион теңгенің дизель отынын ұрлағаны үшін сотталды

Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Бас көлік прокуратурасы және «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Жетісу облысының Бескөл станциясында тепловоз машинистерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

Күдіктілер бірнеше жыл бойы пойыз диспетчерлерімен қылмыстық келісімге келіп, тепловоздардан жанар-жағармай материалдарын құйып алу арқылы дизель отынын ұрлаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қылмыстық топ ұрлықтың 45 эпизодында әшкереленіп, «ҚТ ҰК» АҚ-ға 16 млн теңгеден астам сомаға залал келтірді.

Жетісу облысы Алакөл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда АИТВ жұқтырып, 13 жастағы қызды зорлады деп айыпталған ер адам сотталды

Таразда оқушы ата-ана құқығынан бас тартқан әкесінен алимент өндіріп алды

Қазақстанда алғаш рет 15 жастағы жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты