«Теңізшевройл» Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын бақылауда ұстайды

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Атырау облысындағы су тасқыны жағдайын мұқият қадағалап отыр.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Біз әлеуметтік жауапты компания ретінде осы қиын уақытта Атырау облысының тұрғындарын қолдаймыз.ТШО қаражат бөліп, қолда бар барлық ресурстарды үйлестіру үшін Атырау облысының мердігер компанияларымен және мемлекеттік органдарымен тығыз жұмыс істеуде. Бұл шаралар Теңіз жұмысшыларының көпшілігі тұратын және ТШО өз қызметін жүзеге асыратын облыс тұрғындарын қорғау үшін су тасқыны қаупін дереу жоюға және азайтуға бағытталған. ТШО Атырау облысын қолдау бойынша одан әрі іс-шараларды жалғастырады», – делінген ТШО хабарламасында.

ТШО-ның өндірістік қызметі және Келешек кеңею жобасында – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасында (ККЖ-ҰЕҚБЖ) іске қосу-реттеу жұмыстарын қауіпсіз орындау штаттық режимде жалғасып жатыр.

2024 жылы 2-4 сәуір аралығында «Теңізшевройл» ЖШС және мердігер компаниялар барлығы 90-ге жуық арнайы техника, 30 астам автобус, сондай-ақ Жылыой ауданыны үшін азық-түлік пен жанар-жағар май өнімдерін ұсынды.

Ауданда су тасқыны қаупі азайғанға дейін арнайы техника қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады