Теңіздегі жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды

Энергетика министрлігі 18 қаңтарда болған технологиялық ақаудың – газ турбиналық қондырғылардың өшуін толық анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кіріскенін хабарлады.

Энергетика министрлігі

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, KEGOC және «Теңізшевройл» өкілдері енді.

Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған.

«Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептеріне егжей-тегжейлі техникалық талдау жүргізіп жатыр. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады», – делінген ресми хабарламада.

Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында екені атап өтілген.

Қазір оқып жатыр

«Кресло», «жалюзи», «комодқа» қазақша атау тапқанға ақша беріледі

Қазақстан Германияға мұнай жеткізу бағытын өзгертті

Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар деп санайды

Головкиннің қолғаптарын 10 млн теңгеге сатып алған бизнесвуменге қатысты іс қозғалды