Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды
Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Теңіз қалашығында көші-қон қызметі шетел азаматтарының Қазақстанда болу заңдылығын тексеру үшін кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізді.
Астана, NEGE. Тексеру барысында ел аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы анықталып, Қазақстаннан шығарылды.
Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды.
Сонымен қатар көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға Қазақстанда болу талаптары мен мерзімдерін сақтау қажеттігі ескертіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылданды.