Теңіздегі апат: мұнай өндіру қайта жанданды

«Теңізшевройл» Атырау облысындағы Теңіз кен орнында болған апаттан кейін мұнай өндіруді қайта бастады.

Теңізшевройл

Астана, NEGE. Бұл туралы компания өкілдері мәлімдеді.

«Теңізшевройл» электр энергиясын тарату жүйесінің қауіпсіз іске қосылғанын және шикі мұнай өндіруді қайта жандандырудың бастапқы кезеңі басталғанын растайды. "Теңізшевройл" жағдайға қарай өндіріс көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр», – делінген компания хабарламасында.

Еске салсақ, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында технологиялық ақау шығып, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Осы жағдайға байланысты апат себептеріне егжей-тегжейлі техникалық талдау жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды

Қазір оқып жатыр

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

Шри-Ланка әуежайында 22 дін қызметкері есірткімен ұсталды

Әлемдегі жанармай дағдарысы: Қазақстан рейстерді қысқарта ма?

Министрлік Aitu қосымшасына қатысты «накруткаға» бақылау жасамайды