Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай болды

26 мамырда Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орны – Теңізде тағы бір апатты жағдай тіркелді.

Теңізшевройл

Астана, NEGE. Reuters ақпарат агенттігі дереккөзінің хабарлауынша, тәуліктік өндіріс қалыпты жағдайдағы 125 мың тонна (шамамен тәулігіне 995 мың баррель) деңгейінен 5-10 мың тоннаға дейін төмендеген.

Алайда келесі күні, 27 мамырда, өндіріс ішінара қалпына келтіріліп, өндіріс көлемі тәулігіне 82 мың тоннаға жеткен.

Теңізшевройл операторы Chevron компаниясы бұл жағдайды «елеусіз өндірістік іркіліс» деп атады.

Еске салсақ, 18 қаңтарда Теңізде газ турбиналы электр станциясының трансформаторларында өрт шығып, өндіріс шамамен екі аптаға толық тоқтаған болатын. Бұл Қазақстан мұнайының КҚК арқылы экспортының айтарлықтай төмендеуіне әкеп соқтырды.

Қазір оқып жатыр

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақты «бос сөз» алаңына айналдырмауға үндеді

Михаил Шайдоров: «Ел алдында атымды қаралауға жол бере алмаймын»

«Жүргізуші кінәлі емес»: Астанада жүк көлігі қағып кеткен баланың анасы үндеу жасады