Теннисші Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Түркияның Анталья қаласында ITF W15 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Ж.Құламбаева ресейлік Дарья Лодиковамен бірге финалда швециялық Жаклин Кабай Авад - грекиялық Марта Матуламен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаеваның жекелей сында да үздік шығатындай мүмкіндігі бар. Ол жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 909-орында тұрған түркиялық Башак Эрайдынды 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Ж.Құламбаева ертең финалда рейтингте 622-сатыдағы чехиялық Дениса Хиндовамен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами финалындағы қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина бір жылда үш бірдей ірі жарыстың финалына шыққан алтыншы теннисші атанды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды