Теннисші Герасименко Олимпиада лицензиясын алды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада лицензиясына ие болды.

Алматы, NEGE. Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, жолдама Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) әлемдік рейтингіндегі позицияларына сәйкес квоталарды үлестіру барысында беріліп отыр.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда үстел теннисінен Қазақстан құрамасыны қоржынында Олимпиада ойындарына 2 жолдама бар. Осыған дейін Анастасия Лаврова Орталық Азия аймағының іріктеу жарысында топ жарып, Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды