Теннисші Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына өтті

Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Ұлыбританиядағы Сурбитон челленджер турнирінің финалына шықты.

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші пәкстандық Айсам Курешимен бірге жартылай финалда үндістандық Дивиж Шаранга жаңазеландиялық Артем Ситакпен шеберлік байқасты. Бұл жұп доданың бірінші ракеткалары, ұлыбританиялық Джимми Мюррей словакиялық Филипп Полашекті ұтып кеткен болатын. Қазақстандық-пәкстандық жұп 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Недовесов пен Куреши 1 сағат 20 минутқа созылған матчта 2 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді. А.Недовесов пен А.Куреши жүлде қоры 134 920 АҚШ долларына бағаланған жарыстың финалында ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш - Анри Паттенмен бас жүлдені сарапқа салады. Олар жартылай финалда тағы бір ұлыбританиялық Билли Харрис - швейцариялық Антуан Бельені жолдан тайдырды - 6:3, 6:3.  

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды