Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жарыс барысында қазақстандық спортшы бірінші нөмірмен бақ сынады. Финалда отандасымыз оңтүстіккореялық Мин Хук Чоннан 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде басым түсті. Турнир бойы Заңғар қарсыластарына бір де бір сетте жол берген жоқ.

Нұрланұлы жекелей сайыста осымен алтыншы рет ITF Juniors турнирлерінде жеңімпаз атанып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді