Теннисші Михаил Кукушкин Challenger финалына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияда қатарынан 11 матчта жеңіске жетті.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.

Осылайша Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) Challenger турнирінің финалына жолдама алды.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық спортшы жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 399-орындағы испаниялық 18 жастағы Мартин Ландалусемен сынға түсті.

Бірінші партияда корт иесі ширақтық танытты – 6:2.

Екіншісінде Кукушкин есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші сетте есеп 5:4 болып, қазақстандық теннисші матчқа доп бергенде, мүмкіндігін пайдалана алмады – 5:5. Дегенмен тай-брейкте шеберлігінің басым екенін дәлелдеді – 7:6 (7:4), - делінген ақпаратта.

Михаил Кукушкин финалда әлемнің 156-ракеткасы италиялық Маттео Гигантемен чемпиондық атақ үшін таласады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады