Теннисші Дмитрий Попко Бразилиядағы турнирде топ жарды

Дмитрий Попко жұптық сында Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық теннисші бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.

Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды — 6:4.

Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды — 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді — 3:6. Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр