Теннисші Бейбіт Жұқаев Қытайда өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің негізгі бөлігіне өтті

Теннистен Қазақстан командасының өкілі Бейбіт Жұқаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайда ATP 1000 сериясы аясындағы турнирдің негізгі бөлігінде өнер көрсетпек.

ҰОК

Алматы, NEGE. Іріктеу раундының финалында қазақстандық теннисші британдық Билли Харристі (104 АТР) 7:5, 2:6, 6:4 есебімен ұтты. Жұқаевтың негізгі бөліктегі бірінші айналымындағы қарсыласы кім болатыны кейінірек анықталады.

Шанхайда өтетін «Мастерс» Бейбіт үшін маңызды турнир. Былтыр да ол турнирдің негізгі жарысына өтіп, үш сетте де чех Доминик Паланды 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен жеңіп, турнирдің негізгі бөлігіне шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді

Қазақстанда медианалық жалақы 331 мың теңге болды

Ең қымбат күзетші. Инвестициялық қор НЕГЕ өзін-өзі асырай алмай қалды?