Теннисші Анна Данилина Лондонда өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен ірі турнирде жеңіске жете алмады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Финалда Данилина мен ресейлік Диана Шнайдер америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схурспен кездесіп, жеңіліс тапты.

Төртінші нөмірмен тіркелген Мухаммад пен Схурс жұбы 7:5, 6:7 (3:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Ал Шнайдер мен Данилина екінші нөмірмен тіркелген болатын.

Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. Айта кетейік, Анна мен Диана бұл турнирде алғаш рет жұп болып өнер көрсетті.

Сонымен қатар Данилина WTA жұптық рейтингінде 9-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді