Теннисші Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, ширек финалда америкалық Кармен Корли/Ивана Корли жұбын 6:4, 6:7 (2), 10:8 есебімен жеңді.

Турнирдің жартылай финалында Анна мен Александра Чехиядан барған Анастасия Детиюк/Мириам Скох жұбымен кездеседі.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич бұл турнирде 2022 жылы да ойнаған және финалға шыққан, бірақ жеңіліп қалған еді. Сондай-ақ биылғы жылы бұл жұп Франция ашық чемпионатының финалына дейін жеткен.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды