Теннисші Александр Шевченко Бразилиядағы турнирдің екінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты.

ҚТФ

Алматы, NEGE. Жарыстың алғашқы кезеңінде Шевченко әлемдік рейтингте 149-орында тұрған бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.

Турнирдің ширек финалына шығу үшін ол Александр Зверев (Германия) – Бу Юнчаокете (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды