Теннисші Александр Бублик US Open-2025 турнирінің 1/8 финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің төртінші кезеңіне өтті.

ҚТФ

Алматы, NEGE. Отандасымыз үшінші айналымда америкалық Томми Полдан басым түсті.

Кездесу 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:7 (5:7), 6:1 есебімен аяқталды.

Ойын 3 сағат 40 минутқа созылды. Бублик 21 эйс жасап, 12 қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

1/8 финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы - италиялық Янник Синнермен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді