Теннисші Александр Бублик Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Александр Бублик теннистен Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бублик финалда қытайлық Бу Юньчаокэтэны 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.

Александр үшін бұл — ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.

Сондай-ақ, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды