Теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, өз рекордын жаңартты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик жаңартылған тізімде 16-орынға көтерілді. Бұл – оның жеке рекорды, бұған дейін спортшы 17-орыннан жоғары көтерілмеген еді.

Мұндай көрсеткішке Бубликтің Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP сериясындағы турнирде жеңіске жетуі себеп болды.

Әлемдік рейтингте испаниялық Карлос Алькарас көш бастап тұр. Екінші орында - италиялық Янник Синнер. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түйіндеді.

Қазір оқып жатыр

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды