Теннис: Қазақстандықтар ITF сериясының финалына шықты

Египеттегі ITF сериясы теннис турнирінің финалына бірден екі қазақстандық жұп шықты.

Алматы, NEGE. Әйелдер арасындағы жұптық сында Екатерина Дмитриченко/Камила Керімбаева және Гозаль Айнитдинова/Жібек Құламбаева осындай жетістікке қол жеткізді. Шешуші матч бүгін 10 қазанда өтеді.