Теннис: Елордадағы турнирдің жеңімпазы анықталды

Қазақстандық Бейбіт Жукаев жұптық сында елордада өтіп жатқан ITF World Tennıs  Tour M25 сериясы бойынша халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

 

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Ақтау теннис мектебінің түлегі Бейбіт Жукаев ресейлік Андрей Кузнецовпен бірге үздік шықты.

Б.Жукаев пен А.Кузнецов финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич – ресейлік Констан Кравчукты 7:6 (7:5), 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – Б.Жукаевтың ересектер арасында ITF деңгейіндегі алғашқы табысы.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында финалға шыға алмады. Ол жартылай финалдық тартысты бәсекеде канадалық Филип Пеливоға жол берді – 6:7 (8.10), 7:5, 3:6.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды