Теннис: Анна Данилина Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Пуна қаласында ITF W25 сериясы бойынша өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, А.Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге финалда жапониялықтар Фуна Козаки – Мисаки Мацудамен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп тартысты матчта 6:0, 2:6, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

А.Данилина осылайша жұптық сында ITF World Tennis Tour додаларында спорттық жолындағы 23-інші, биылғы 9-титулына қол жеткізді. Ол сондай-ақ биыл Польшада WTA 250 жарысында алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.

«Осы аптадағы табысымыз үшін Валерия Страховаға алғысымды айтқым келеді. Енді елге келіп, бірнеше күн демаламын. Жаңажылдық мерекені өз отбасыммен өткізіп, сосын жаңа маусымға дайындаламын», деді А.Данилина.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде жұптық сында әлемдік рейтингіде 75-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр