Теңіз кенішінің жұмысшылары індет жұқтырды

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған  тағы 9 жағдай тіркелді. Бұл туралы Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб хабарлады.

Алматы, NEGE.  Штабтың мәліметінше, тоғыз  науқастың барлығы - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 1966, 1994, 1991, 1989, 1995 және 1997  жылғы ер адамдар сондай-ақ, 1983, 1971, 1978 жылғы әйел адамдар. Олар Covid-19 анықталғанға дейін бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде Covid-19 бар екендігі расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған - делінген хабарламада.

Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында 193 адамда COVID-19 індеті  анықталды. Ал, 76 адам дерттен айықты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?