Теңіз кенішіндегі карантин 12 маусымға дейін созылады

Атырау облысының Теңіз кенішіндегі карантин мерзімі 12 маусымға дейін созылатын болды. Бұл туралы облыстық бас санитарлық дәрігер Темірбек Мұсағалиевтың қаулысында айтылған.

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес Теңіз кенішіндегі карантин 29 мамыр сағат 00:00-ден 12 маусым күнгі түнгі сағат 00:00-ге дейін созылады. Осыған байланысты мұнда көліктің кіріп-шығуын шектеу сақталады. Кен орны аумағында адамдардың кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейінгі аралықта жүруі шектелген. Полиция қызметкерлері карантин шарасының сақталуын қадағалау үшін видеокамерамен қабатаралық, бөлмеаралық қозғалысты бақылайды.

Сондай-ақ, полицейлер «Оңтүстік Теңіз», «Жаңа Теңіз», «Ватернас», «Мажар қалашығы» секілді вахталық кенттерде карантиннің бұзылмауын қадағалауды жалғастырады. Бұған дейін Теңіз кен орнындағы жұмыстың жалғасатын, сондай-ақ 27 мамырда 25 кеншінің қауіпті індеттен жазылғаны белгілі. 

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды