Теңіз кен орнында вирус өршіп тұр

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күрт өсті.

Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте 550 адам қауіпті вирусқа шалдыққаны анықталған.

Оның ішінде Атырау қаласында – 241, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында 185 науқас тіркелген. Сондай-ақ, Қызылқоға ауданында – 27, Жылыойда – 27, Индерде – 26, Исатайда – 17, Мақатта – 15, Махамбетте – 10, Құрманғазы ауданында 2 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Науқастардың арасында 340 адам симптомды белгісімен ауырған. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 489 науқас сауығып шыққан.

«Қазір 8 143 адам үй жағдайында ем қабылдауда. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 1 789 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде Теңіз кен орнындағы стационарда – 412, аудандардағы стационарларда – 387, модульдік ауруханада – 192, №2 облыстық ауруханада – 189, облыстық ауруханада – 176, теміржол ауруханасында – 106, кардиологиялық орталықта 101 науқас бар. Сондай-ақ, фтизиопульманология орталығында – 97, ал, жатақханаларда 129 пациент оқшауланған» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды