Тengri Bankтің тәңірі бар болып шықты

Қиындыққа ұшыраған Tengri Bankке қосымша қаржы құйылып, клиенттердің ақша аударымдары бойынша шектеулер алдағы 2-3 күнде алынып тасталады. Банктің негізгі акционері, Үндістандық Punjab National Bank осындай шешім қабылдады.

Үнділер толық қолдау көрсетіп, Tengri Bank барлық қаржылық міндеттемелерді орындауды жалғастыратын болды. Акционер тарапынан алғашқы транс банкке келіп түсті.

Осы арқылы Қаржы рыногын реттеу және дамыту агенттігі банк алдында қойған пруденциалдық нормативтерді сақтау, төлемдерді үздіксіз орындау бойынша талабы орындалатын болды. Капитализация көлемі мен акциялар үлесін ұлғайту туралы шешім консалтинг агенттігі банкті тұрақтандыру жоспарын дайындағаннан кейін қабылданады. Екі аптаның ішінде банк өз жұмысын толық қалпына келтірмек. Бастысы, карта лимиттері алдағы 2-3 күнде жойылатын болады.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды