Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша, теңге әлемдегі долларға қатысты ең көп нығайған валюталардың бес валютаның қатарына енді. Жарты жылда теңге бағамы 4,22%-ға нығайған.

depositphotos.com

Астана, NEGE. «РИА Новости» жариялаған ақпаратқа сәйкес, АҚШ долларына қатысты ең көп нығайған валюта – колумбиялық песо (9,02%) болса, одан кейінгі орындарда Израиль шекелі (6,59%), Бразилия реалы (5,91%), Венгрия форинті (5,55%) және теңге тұр.

Долларға қатысты нығайған валюталардың қатарына Ресей рублі де кірген. Жыл басынан бері оның бағамы 0,61%-ға нығайған.

Ал ең көп құнсызданған валюта ретінде агенттік түрік лирасын атаған. Оның бағамы 7,91%-ға төмендеген. Сонымен қатар долларға қатысты ең көп әлсіреген валюталардың қатарына Шри-Ланка рупиясы (7,81%), Оңтүстік Корея воны (7,06%), Индонезия рупиясы (6,67%) және Румынияның жаңа лейі (5,74%) енді.