Теміртауда жұмысшылардың өліміне байланысты тергеу шаралары басталды

Теміртаудағы металлургия комбинатта екі жұмысшының қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. 25 тамызда таңертең «Qarmet» АҚ-тың металлургиялық комбинаты аумағында шатырды бөлшектеу жұмыстары кезінде 2 жұмысшы қаза тапқан болатын.

«Болған жазатайым оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 156-бабы, 4-бөлігі, яғни «Екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеліп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады