Теміртауда дүкенде газ жарылып, бір адамның денесі табылды

Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылды, деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ

Алматы, NEGE. 15 ақпанда сағ.08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесінде  2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкеннің 2 қабатты ғимаратта қирау болғаны, жанғаны анықталды.

Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті.

Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына жетті.

Соңғы дерек бойынша, оқиға орнынан әйел адамның өлі денесі табылды.

«Сағат 09.49-да үйіндінің астынан әйел адамның денесі шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?