Теміртауда автобус жүргізушісі өзі жұмыс істейтін мекемеден дизель отынын ұрлаған

Теміртауда автобус жүргізушісі өзі жұмыс істейтін мекемеден дизель отынын ұрлаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне қалааралық тасымалдаумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы хабарласты.

Белгілі болғандай, мекемеге жүргізілген тексеру жұмыстары барысында 2600 литр дизель отынының жетіспеушілігі анықталған. Келтірілген шығын көлемі 767 мың теңге.

Полиция қызметкерлерімен бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы автобус жүргізушісі анықталып ұсталды. Ол дизель отынын бес ай көлемінде алып жүргенін мойындады. Ұрлықты ешкім байқамай қалады деп ойлаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты