Темірлан Анарбековтің мансабына қатысты жаңалық айтылды

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан футбол құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков клубпен жаңа келісімшартқа отырды.

instagram/anarbekov_temirlan77

Астана, NEGE. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

Келісімшарт 2028 жылға дейін есептелген.

«Темірлан Анарбеков «Қайратпен» келісімшартты ұзартты. Жаңа келісім 2028 жылдың 30 қарашасына дейін есептелген», – делінген клубтың желідегі ресми парақшасында.

Осылайша, еуропалық клубтардың біріне ауысуы мүмкін деген қауесетке қарамастан, Анарбеков әзірге «Қайрат» командасында қалатын болды.

Айта кетсек, «Қайраттың» 22 жастағы қақпашысы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ерекше көзге түскен еді. Ол кезде қақпашы «Селтиктің» пенальти сериясында үш допты қайтарды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады