Темірлан Анарбековке қатысты жақсы жаңалық жарияланды

Алматыдағы қарымта ойында Анарбеков бес ғажайып сейв жасап, одан кейін пенальти сериясында «Селтик» ойыншыларының үш соққысын қайтарды.

Фото: arena.olimpbet.kz

Алматы, NEGE. «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақатынан айығып, қатарға қосылды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Темірлан Анарбеков жалпы топпен бірге жаттығуға қайта кірісті», - деп жазылған «Қайраттың» инстаграмдағы парақшасында.

21 жастағы «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» қарымта матчтың басты қаһарманы атанып, алматылық клубтың тарихи жетістікке жетуіне көмектескен болатын. Алайда артынша «Ақтөбеге» қарсы ойында ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынып кеткен. Осы жағдайдан кейін «Қайраттың» қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмырза қорғады. Шерхан да ерекше көзге түсіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты