Теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды

Түрксіб ауданында теміржол маңынан ер адамның мәйіті табылды.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Локомотив машинисі жағымсыз иіске шағымданған.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұталардың арасынан ер адамның мәйітін тапты. Тексеру кезінде құжаттары да табылды. Ол – 49 жаста. Алдын ала сараптама кезінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ», – деп хабарлады полициядан.

Өлімнің себебін анықтау үшін ер адамның денесі қалалық мәйітханаға жеткізілді. Онда сот-медициналық сараптама жасалады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті