Теміртауда сарбаз өзінің басына оқ атып, қаза тапты
Теміртаудағы 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшісі өзінің басына оқ атып қаза тапты.
Алматы, NEGE. «21 қазан түнгі сағат 01:30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан ол сағат 02:20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.