Теміртауда қатып қалған су құбыры жөнделіп жатыр

Теміртауда магистральды су құбыры қатып қалды. Салдарынан қаланың шығыс бөлігінің алты орамындағы үйлерде су қысымы төмендеді, деп хабарлайды Кazinform.

Алматы, NEGE. Кеше диаметрі 300 мм құрайтын магистральдың қатып қалғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер ақауды жойып жатыр. 

«Су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал тұрғындарының үйіне гидравликасы төмендетілген су беріліп жатыр. Проблемалық аймақ анықталды (шамамен 20 м). Сумен жабдықтаудың штаттық режимін қалпына келтіруге 8 бригада мен 10 техника тартылды», - деп хабарлады «Оқжетпес-Т» ЖШС.

Мәселе қала әкімінің бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді