Теміртауда балабақша медбикесі мен күтуші жаға жыртысқан
Теміртау балабақшаларының бірінде медбике мен күтуші арасында төбелес шыққан. Видеоға түсіп қалған оқиға желіде тараған.
Алматы, NEGE.Әлеуметтік желіде пайда болған видеоның сипаттамасында жанжал «Әдемі» балабақшасында болғаны айтылады.
"30 қаңтарда төтенше жағдай болды. Медбике тәрбиешінің көмекшісмен балалардың көзінше ұятсыз сөздер айтып жанжалдасты. Тіпті төбелесе басталды. Балалар бұл оқиғаны үйге келген соң айтып берді. Олар медицина қызметкерінен қорқады. Мұндай жанжал балалардың психикасына айтарлықтай әсер еткен", - делінген видеоның сипаттамасында.
Сонымен қатар жазбада медбикенің ата-аналардан арыз түскен күні еңбек демалысына кеткені айтылған. Мәліметтерге сай медбике өзге де орындарда өзін қызуқанды ұстап жанжалдасып жүреді екен. Балабақшадағы оқиғада ол есікті сындырған. Ал ата-аналар мұндай адамның балаларға да зияны тиеді ме деп қорқатындарын айтады. Үстінен арыз түссе де бір қызығы оны жұмыстан босатпаған.
Теміртау қаласының білім бөлімі видеоға қатысты бұл мәселе бойынша тергеу жүріп жатқанын алға тартып отыр.