Теміртауда ауа ластануы мүмкін

«Қазгидромет» мамандары 10 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Алматы,  NEGE.  Кәсіпорынның мәліметінше, жұма күні елімізде тек бір қалада - Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Өзге шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.