Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтті

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер басталды. Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов жартылай финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 48 келіде бақ сынаған Теміртас ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедовті ұтты.

Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Нәтижесінде, Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Боксшының еншісінде кем дегенде қола медаль бар. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр