Темір жол арқылы жолаушылар тасымалдау қысқартылады

Ертеңнен бастап қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқталады. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова

мәлімдеді.

Aлматы. NEGE. «COVID-19 ауруының бақылаусыз өсуіне жол бермеу және денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін азайту мақсатында Мемлекеттік комиссия осы жылғы 5 шілдеде 00-00 сағаттан бастап 14 күндік қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы шешім қабылдады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Осыған байланысты 3 шілдеде ҚР ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 44-ші қаулысы шықты. «Қаулыға сәйкес, өңірлер арасында әуе қатынастарының саны мен рейстер жиілігі арттырылмай сақталады. Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау қысқартылады. Қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылады. Жолаушылардың жалпы вагондары жасақталмайды», - деді Айжан Есмағамбетова.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды