Темір шарбаққа шаншылып қалды
Кеше Атырауда қайғылы оқиға болды. Темір шарбақтан аттап өтпекші болған ер адам шарбаққа шаншылып қалған. Бұл туралы АТР
ress хабарлады.
Атырау, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше кешке болған. Ер адам Сәтпаев көшесіндегі үйлердің бірінің шарбағынан секіріп өтпек болғанда аяғы тайып кетіп, үшкір шарбаққа шаншылып қалған. Құтқарып алғанша ол денесін тесіп өткен шарбақта біраз уақыт асылып тұрған.
Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департамент ақпаратты растағанымен, түсініктеме беруден бас тартыпты. Бір анығы зардап шеккен адам 1974 жылы туған. Оған шұғыл түрде ота жасалған.