Темекі шеккені үшін Олимпиада ойындарынан шеттетілді

Жапония заңдары бойынша елде 20 жасқа толмағандарға алкоголь ішу мен темекі шегуге тыйым салынған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Спорттық гимнастикадан Жапония құрамасының капитаны Секо Мията ел заңы мен команда ережесін сақтамай темекі шеккені үшін ұлттық құрамадан шеттетіліп, Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды.

19 жастағы гимнаст Монакодағы оқу-жаттығу кезінде темекі шегіп ұсталған және келесі күні ол команданың ашық жаттығуына қатыспаған. Кейіннен құрамадан шеттетіліп, еліне қайтарылғаны белгілі болды.

Жапония заңдары бойынша елде 20 жасқа толмағандарға алкоголь ішу мен темекі шегуге тыйым салынған. Ал бұл заң ұлттық құрама спортшылары өзге елде жүргенде де күшінде болады.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?