Тележүргізуші Ларри Кинг коронавирус жұқтырды
Әйгілі тележүргізуші Ларри Кингке коронавирус жұқты
Алматы, NEGE. Танымал американдық тележүргізуші Ларри Кингке коронавирус жұқты. Шоумен тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен. 87 жастағы тележүргізушінің ковидке шалдыққанын ABC телеарнасы хабарлады. Қазір Кинг дерттен Лос-Анджелестегі медицина орталығында ем қабылдап жатыр. Жалпы бұл тележүргізушінің денсаулығының алғаш рет сыр беруі емес. 2017 жылы ол өкпе обырынан емделген. Ал өткен жылы инсультке ұшыраған.