16 сентября 2023 г. 12:44

Телерадио хабарларын тарату қалпына келтірілді

Фото:

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ел аумағында спутник жүйесі бойынша телерадио хабар тарату қызметі қалпына келтірілгенін мәлім етті.

Алматы, NEGE. «16 қыркүйекте сағат 10:11-де спутник бойынша телерадио хабарларын тарату қалпына келтірілді. «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ аталған жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін таңертеңге дейін жұмыс істеді», - делінген ведомство мәліметінде.

Атап айтқанда, дәл қазір басқа да байланыс қызметтерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ KazSat-3 ғарыш аппаратындағы осы ақаудың болуы себебін анықтау іс-шаралары атқарылады.

Бұдан бұрын «Қазтелерадио» АҚ қазақстандық KazSat-3 спутнигіндегі төтенше жағдайға байланысты OtauTV пакеттеріндегі кейбір қазақстандық және шетелдік телеарналар жұмыс істемей тұрғанын мәлімдеген болатын.

Тегтер: