Telegram-да ерекше функция пайда болды
Telegram мессенджері үлкен жаңартуға ие болды. Қосымшаға жаңа функция, яғни топтық дыбыстық чаттар іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.
Алматы. NEGE. Чаттардың әдеттегі топтық қоңыраулардан басты айырмашылығы – оны алдын ала ұйымдастырудың қажеті жоқ. Чат шексіз түрде жарамды болады және оған кез келген уақытта қосылуға мүмкіндік бар. Аудио конференцияның қатысушыларын алдын ала көруге болады.